Су тасқыны

Өзен-көлдерге мониторинг жасалды

Сәуірдің 2-сі және 3-і күндері өңірдегі өзен-көлдерге мониторинг жасалды. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев пен ТЖД-нің бастығы Рамиль Камалов су басу қаупі жоғары аймақтарды тікұшақпен бақылады.

Нақтырақ айтсақ, шара барысында Имантау, кіші және үлкен Торанғұл көлдерінің деңгейі тексерілді. Есіл өзені де назардан тыс қалмады. Мамандар Сергеев су қоймасының қазіргі жай-күйінде көрді. Еске салайық, биылғы болуы мүмкін төтенше жағдайға 500-ге жуық құтқарушы мен 155 арнайы техника сақадай-сай тұр. Тағы 8 жүзу құралы және 72 мотопомпа әзірленген.

 

 

Маржан Касымбек