МТРА жаңалықтары

Отбасыларға азық-түлік жиынтығы табысталады

Елімізде төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған жандарға жәрдемақы тағайындалды. Одан бөлек, “Нұр Отан” партиясы 7 бірдей санаттағы жандарды өз қамқорлығына алды. Мемлекеттен бұдан өзге де қолдау көрсетіліп жатыр.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша кейбір тұрғындарға азық-түлік жиынтықтары қарастырылған. 2 АЕК көлемінде болатын қолдаудан кім үміттене алады? Біріншіден, атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұялардағы 6 мен 18 жас аралығындағы балалар. Тағы 1-ші, 2-ші және 3-ші топтағы барлық жастағы мүмкіндігі шектеулі жандар. Мүгедек бала тәрбиелейтін ата-аналар мен ресми түрде жұмыссыз санатына жататын азаматтарға да көмек қарастырылып отыр. Аталған мақсатқа 575 млн теңге жұмсау көзделген.

Гүлмира Мәулетбаева – СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

– Бүгінде өңір бойынша азық-түлік жиынтығымен қамтылатын жандардың тізімі жасалды. Әлеуметтік қолдау 34500 адамға көрсетілмек. Көмек – 2 АЕК-ті құрайды, ол азаматтарға ақшалай түрде беріледі. Қаражатты алу үшін ешқайда барып, өтініш жазудың қажеті жоқ. Бізде барлық адамдардың тізімі мен банк шоттары бар.

 

 

 

 

Эльмира Садвокасова