МТРА жаңалықтары

Арақашықтықты сақтаған жөн

Вирус жұқтырмау үшін көпшілік жиналатын жерлерде арақашықтықты сақтау қажет. Бұл – тұрғындарға ғана емес, мекемелерге де жүктеліп отырған міндет. Бүгінде жауапты міндетті Петропавлдағы бірқатар ұйымдар орындауда. Мысалы, қаламыздағы екінші деңгейлі банктер далаға орындық қойып, клиенттерді сыртта күттіруде.

 Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Принято решение о введении карантина на территории города Петропавловск с 00 часов 3 апреля. Главная задача карантина: прервать цепочку распространения вируса.

Алайда, екінші деңгейлі банктердің жанындағы адамдардың қарасы қалың. Жерлестеріміздің қаржы ұйымына келуге маңызды себебі бар көрінеді. Содан, ұзын-сонар кезек құрылуы мүмкін. Жұртшылықтың көп шоғырланбауын және қашықтықтың сақталуын мекеме басшылығы бір мезетте шешіпті. Енді қызмет алу кезегін нысан ішінде емес, сыртында күту қажет.

Виктория Петухова – кәсіпкер:

– Өзімнің жеке кәсібім бар. Төтенше жағдай мен карантинге байланысты істі тоқтаттық. Кіріс те, төлем де жоқ. Сол себепті, банктегі қарызымды кейінге шегеруге келдім.

Адамдар нысанның ішінде жиналса вирустың таралу қаупі жоғарлай түспек. Сол себепті, ғимараттың алдына мынадай орындықтар қойылған. Араларындағы қашықтық, талапқа сай – 2 метр. Қаржы ұйымына бір-бірден ғана кіруге рұқсат. Жерлестеріміз де мұны қолдайды. Айтуларынша бүгінгі жағдайда кезекті сыртта, таза ауада демалып тұрып күткен әлдеқайда жақсы.

Аманжол Дүйсенов – қала тұрғыны:

– Несиемді төлеуге келдім. Кезекті сыртта күту керек екен. Негізі жақсы ұйымдастырылған. Бұған түсіністікпен қараймыз.

Тағы да еске сала кетейік. Бүгінде әр адамның үйде отырып, оқшауланғаны маңызды. Ол вирустың таралуын тежейді. Және сіздің ғана емес, өзгелердің де денсаулығы мен өмірін аман сақтап қалады.

 

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан