МТРА жаңалықтары

Қала айналасындағы блокпосттардың саны қысқарды

Петропавл қаласы айналасындағы блокпосттар саны қысқарды. Қазір шаһар шекарасында 5 бекет орналасқан.

Өзгеріс Қызылжар ауданындағы Петерфельд және Якорь ауылдарына кіреберістегі өткізу пунктерінің біріктірілуінен орын алып отыр. Енді ол қалаға жақын жерге яғни, «Мамлютка» постына қойылды. Сондай-ақ, Березовка елді мекені маңындағы бекет Солнечный кентіне, ал Пеньково ауылындағы бақылау пункі “Северный” бекетіне ауыстырылды. Осылайша, селолардың тұрғындары енді қалаға емін-еркін кіріп шыға алмайды. Солтүстікқазақстандықтар облыс орталығына тек аса қажетті жағдайда ғана келеді. Яғни, адамдардың денсаулығы күрт нашарлап жедел ауруханаға бару керек болса немесе дәрі-дәрмек, азық түлік алу үшін Петропавлдың шекарасынан өтуге рұқсат. Ал жұмыс істейтін жандар арнайы анықтамасы болғанда ғана діттеген жеріне жете алады.

Баян Байғаскина – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

– Кәсіпорындарда жұмыс істейтін жандар арнайы тізімдемеге тіркеліп қана, кіре алады. Тізім бізде бар.

 

 

 

 

Маржан Касымбек