ТЖ

“Жұмысшы” кентінде өрт оқиғасы орын алды

“Жұмысшы” кентінде өрт оқиғасы орын алды! Қызыл жалын туралы хабар облыстық ТЖД-не таңғы сағат 7-ден 7 минут кеткенде түскен.

Мамандар ақпарды ала сала шақыртылған жерге, яғни Суворов көшесі бойында орналасқан 256-ші үйге жетеді. Олар келгенде ешкім тұрмайтын баспананың шатыры мен жапсырыла салынған бөлігі жанып жатыпты. Көп ұзамай 56 шаршы метрді шарпыған қызыл жалын сөндіріледі. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Евгений Журавлёв – СҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Тілсіз жауды ауыздықтауға 12 адам және 3 бірлік техника қатысты. Өрттен нысанның бір бөлігі мен дүние-мүлікке зақым келді. Қызыл жалынды сөндіру кезінде қызметкерлер 3 газ баллонын шығарады.

Култанов Байболат