Ауыл шаруашылығы

Жанармай бағасы арзандады

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі үндеуінде жанармайдың нарықтық бағасын 15 пайызға арзандатып, 165 теңге қылуды тапсырды. Бұл жайлы жоғарыда да айттық.

Мемлекет басшысының пәрмені аққайыңдар өлкесінде ұзаққа созылмай орындалды. Мысалы, бұған дейін өңірімізде 1 литр дизельді отын 193 теңгеден саудаланды. Бүгіннен бастап 186-дан өткізілуде. Мұндай арзандатылған жанармай түрін республикалық “Қазмұнайгаз”, желілерінен және жергілікті “Шельф” пен “Эталон” компанияларына тиесілі бекеттерден сатып алуға болады. Сондай-ақ, қазір сұранысы жоғары АИ-92 маркалы бензинін де төмен бағамен алуға мүмкіндік бар. Бүгінде оның 1 литрінің құны 155 теңге тұрады.

Дархан Қалиев – СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

– Компаниялар жанармайды төмендетілген бағамен сатып жатыр. Арзандатылған отынды кез-келген адам сатып ала алады.

 

 

Ешкенова Дана