Аптадағы маңызды жаңалықтар

Шаһар маңына 6 блокпост қойылды

Сәуірдің бірі, яғни бүгін түнде Петропавлда шектеу шаралары күшіне енді. Бұл маңызды шешімді өңір билігі жерлестеріміздің қауіпсіздігі үшін қабылдап отыр. Қазір шаһар маңында 6 бірдей блокпост құрылған. Облыс орталығына тек қажеттілік туындаған жағдайда ғана кіріп-шығуға болады.

Петропавлға ешкім енді еркін кіріп-шықпайды. Шаһар айналасы 6 бірдей блокпостпен қоршаулы.

Саят Ермек – тілші:

-№1 блокпост – Бескөл ауылына кіреберісте орналасқан. Тегіннен-тегін емес, әрине. Өйткені, бұл елді-мекен тұрғындарының басым көпшілігі, шамамен 70 пайыздайы, Петропавлда жұмыс істейді. Сондықтан, олар шаһарға емін-еркін қатынай алады.

– Қалған 5 бекет те осындай принцип бойынша орналастырылған. Екінші блокпост – Шахавское ауылына апарар айналма жолың бойына, үшіншісі – Пеньково селосының, ал төртіншісі Березовка ауылының маңына қойылған. Бесінші бекет – Ольшанка селосына апарар бұрлыста, 6-шысы Петерфельдің жанында тұр.

Осы шеңбердің ішіне кіретін Якорь, Вишневка, Белое сияқты жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары да қалаға емін-еркін қатынайды. Ал аумақтың арғы жағындағылар Петропавлға тек қажет жағдайларда ғана кіре алады.

Баян Байғаскина – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

 -Арнайы көлік, жедел жәрдем, апаттық қызметтердің көліктері ғана өте алады. Азық-түлік, дәрі-дәрімек пен медициналық заттарды әкелетін көліктер де өте алады.

Ал мысалы, Новокаменкада тұрып, қалада қызмет ететін жерлестеріміз жеке куәлігі мен жұмыс істейтінін дәлелдейтін анықтаманы көрсетуі тиіс. Сондай-ақ…

Саят Ермек – тілші:

– Мысалы, мен алыс ауылда тұрамын делік. Маған дәрі-дәрімек, азық-түлік сатып алу керек. Осындай мақсатпен мен блокпост арқылы Петропавлға кіре аламын ба?

Баян Байғаскина – СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы:

– Күндізгі уақытта кіре аласыз.

Ал түнгі уақытта өте алмайды. Басқа да жағдайларда полицейлер көлікті қайтарып жібереді. Тіпті, таксистердің жолаушы тасымалдауына рұқсат жоқ. Қаладан шығам дегендерге де дәл осындай талаптар қойылады. Ал тиісті құжаттарын көрсеткен жүргізушілерге – жол ашық. Бірақ, машина міндетті түрде дезинфекциядан өтеді, ал санитарлар міндетті түрде жүргізушілердің де, жолаушылардың да дене қызуын өлшейді.

Марина Архипова – медбике:

– Егер қызу шамадан тыс жоғары болса, азаматты мына палатканың ішіне орналастырып, бірден жедел жәрдем көлігін шақырамыз. Мамандар адамды оқшаулап, медициналық мекемеге, тексеруге әкетеді.

Бастапқыда блокпосттарда дене қызуы қарапайым “градусникпен” өлшенген. Бұл жаңалық лезде әлеуметтік желіге таралды. Мамандар да мұны жоққа шығармады. Бірақ, проблема тез арада шешімін тапты.

Саят Ермек – тілші:

– Измеряли обычными термометрами. Было такое?

Марина Архипова – медбике:

 -Было, но ситуацию исправили. Нам привезли приборы для измерения.

Иә, қазір Марина Архипованың қолында – қашықтықтан жұмыс істейтін термометр. Құрылғы адамды тексермейінше, бір де бір жолаушы әрі өтпейді. Құжаттар мен анықтамаларды да полицейлер жіті тексеріп жатыр. Бірақ, бұл шараларға тұрғындар түсіністікпен қарауда.

Бұл тәртіпке тұрғындар төтенше жағдай режимі аяқталғанша дейін бағынуы тиіс. 6 бекеттің бәрінде санитарлар мен сақшылар 12 сағаттан, екі ауысымда жұмыс істейді. Шектеулердің қалтқысыз орындалуы лауазымды тұлғалардың жіті бақылауында. Мәселен, Бескөлдегі блокпостта шаһардың бас полицейі Жандос Мұқатовтың тексеріс жүргізіп жатқанын байқадық. Басшы ешқандай бұзушылық тіркелген жоқ дейді.

 

 

 

Саят Ермек