Спорт

Роман Креч: үйде спортпен шұғылданайық

Қиындықты бірге еңсереміз! Қазір елімізде дәл осындай атаумен челлендж жүріп жатыр. Оған қатысушылар отандастарымызды үйде отырып, төтенше жағдай режимін ұстануға шақыруда.

Бүгін үндеу жасағандардың қатарына конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы Роман Креч те қосылды. Ол тұрғындарды уақытты босқа өткізбей, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Қазір ол Петропавлда демалыста екен. Бірақ, соның өзінде Қазақстанның рекордсмені жаттығу жасайды. Оған 1 сағат уақытын арнайды.

Роман Креч – конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы:

– Вирустың таралуына жол бермеу қажет. Ол үшін елімізде қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, барлық ережелерді сақтауларыңызды сұраймын. Яғни, далаға шықпай, үйде болыңыздар. Үйде де көңілді, пайдалы уақыт өткізуге болады. Мысалы, баспанада мен сияқты спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар.

 

 

 

 

Маржан Касымбек