МТРА жаңалықтары

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ онлайн режимде жұмыс істейді

Елдегі төтенше жағдайға байланысты «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік филиалы қашықтан жұмыс істеуге көшті. Қазір мұндағы мамандардың 40 пайызы онлайн форматта еңбек етіп жатыр.

Олардың басым бөлігі – менеджерлер. Тұрғындар қызметкерлердің көмегіне жүгіну үшін onlinе.damu.kz cайтына кірулері тиіс. Осы жерде толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап ала алады. Оған қоса колл-орталық та қоңырау қабылдайды. Телефон нөмірі – 1408. Негізі мұндай өзгеріс ұйым өкілдеріне аса таңсық емес. Жаңашылдықты қызметкерлер осыдан 2 жыл бұрын қолға алыпты. Сондықтан қызмет көрсетуде аса қатты қиындық жоқ екен.

Арман Менжесаров – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ СҚО бойынша бас менеджері:

– Адамдардың денсаулығын, қауіпсіздігін ойлап онлайн режимде жұмыс істеуге көштік. Осы жаңашылдықтың арқасында тұрғындар уақыттарын да үнемдей алады. Яғни, үйде отырып мамандармен байланыс орнатады. Жүгінушілердің қатары күн санап артып жатыр. Мысалы, қазір бізге күніне 15-ке тарта азамат хабарласады.

Ешкенова Дана