МТРА жаңалықтары

Басқармалардың бірқатары біріктірілді

Президент пәрменіне сай облыстық әкімдік құрылымында бірқатар өзгеріс орын алды. Нақтырақ айтсақ, әкімдікте екі жаңа басқарма пайда болды.

Олар – дін істері және мемлекеттік сатып алулар басқармалары. Ал жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасы жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, жастар саясатына жауапты ведомтво ішкі саясат басқармасының, ал жер қатынастары басқармасы ауыл шаруашылығы басқармасының құрамына енді. Кәсіпкерлік және туризм мен индустриялдық-инновациялық даму басқармалары да енді бірігіп жұмыс істейді. Мұндай біріктіру облыстағы мәдениет пен тіл салаларын да айналып өтпеді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Тілдерді дамыту басқармасы мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы біріктірілді. Бұл толық ойластырылған шешім. Мәдениет және тіл – бір-бірімен тығыз байланысқан ұғымдар. Екі басқарманы біріктіре отыра, біз өңірдегі тіл саясатын жаңа деңгейде дамыта аламыз. Біріккен басқарманың жұмысына қосымша қазақ тілі мамандары тартылады. Сондай-ақ тілдерді дамытуға бөлінетін қаржы көлемі өсе түспек.

 

 

 

Саят Ермек