Қоғам

Халықаралық педагогикалық байқаудың қорытындысы

“Ерекше тәрбие, ізденіс, идеялар, іске асыру”. Дәл осындай атаумен “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстық филиалында қаңтар мен ақпан айлары аралығында халықаралық байқау өткізілген болатын.

Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруды көздейтін дода жергілікті педагогтардың бастамасы бойынша осымен 7-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бастапқы кезеңде сайыста облысымыздың мұғалімдері ғана бақ сынайтын. Кейін, байқаудың деңгейі республикалыққа дейін артты. Ал, бертін келе халықаралық дәрежеге жетті. Оған бүгінде алыс-жақын шет елдердің мамандары қатысады. Айта кетейік, биылғы іс-шара 3 аталым бойынша ұйымдастырылды. Біріншісі – «Менің есімде», екіншісі – «Еріктілер жылы», үшіншісі «Туған жер» деп аталады. Соңғы номинацияда жергілікті “Балауса” бөбекжай-бақшасы ұжымының жұмысы жоғары бағаланып, бірінші орынға ие болды. Алдағы уақытта олардың жобалары электрондық жинақ ретінде басылмақ.

Дариға Дәулетова – “Өрлеу” БАҰО АҚФ ПҚ БАИ аға оқытушысы:


– Байқауға қатысушылардың саны географиялық тұрғыда артты. Бүгінгі таңда Германия, Ресей, Эквадор, Уганда елдерінен қатысушыларымыз бар. Биыл 227 педагог 118 жоба ұсынып отыр.

 

 

 

 

Данаш Хамзина