Қоғам

Маскалар тегін таратылуда

Солтүстікқазақстандық әншілер, мерекелік шараны ұйымдастырушылар мен қауымдастық төрайымы. Қиын сәтте бұл жандар қарап қалмай, бетперде тігіп жатыр. Маскалар кез-келген адамға тегін таратылады.

Мұнда кәсіби тігіншілер емес, түрлі саланың тұтқасын ұстаған азаматшалар жиналған. Олар тұрғындар үшін маска тігіп жатыр. Бұл бетперделер сатылмайды, халыққа тегін таратылады.

Алма Банных- “GERA” авторлық агентігінің атқарушы директоры:

– Бұл жерде тігін машинасымен жұмыс істей алмайтын қыз-келіншектер метериалдарды қияды. Ал масканы тіге алатын жандар тиісті жұмыстарды атқарады. Жалпы, 1 масканы дайындауға шамамен 5 минут уақыт жұмсалады.

Материал жеткілікті. Оларды еріктілер тегін әкеліп беріпті. Негізі жұмыс жексенбі, яғни наурыздың 29-ы күні басталған екен. Содан бері жаны жайсан нәзікжандылар 200-ге жуық масқа тіккен. Бетперделерді бір емес, бірнеше рет қолдануға болады.

Алла Писаренко- “GERA” авторлық агентігінің жетекшісі:

– Бүгін – жұмыстың екінші күні. Осы екі күнде жұртшылыққа танылдық. Қазір бізге тұрғындар жиі хабарласып, тапсырыс беріп жатыр. Олар маскаларды әлеуметтік желіден көрген екен. Түске дейін 100-ге жуық бетперде дайындадық. Күннің соңына дейін тағы сонша қорғаныс құралын әзірлеуді жоспарлап отырмыз.

Мұндағы маскалар еш жерде сатылмайды. Оларды тұрғындар келіп, өздері алып кетулері қажет. Алғандар бетпердені алдымен жуып, үтіктегендері жөн. Бұл – тігіншілердің кеңесі. Ал келушілер көп екен. Солардың бірі – Еңілік Саттарова.

Еңілік Саттарова- көпбалалы анна:

 – Әлеуметтік желілердің бірінде “Қызылжар аналары” атты группа бар. Сол жерден масканы тегін тартып жатыр деген хабарды естідік. Енді бүгін соған келіп тұрмын.

Ерікті азаматшалар мұныме тоқтап қалмақ емес. Олар алдағы уақытта қарадан бөлек, бірнеше түсті материалдан маска тігуді жоспарлап отыр. Араларында балаларға арналған бетперделер де болады.

 

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы