Құқық қорғау органдары

Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

Өңір тәртіп сақшылары жалған ақпарат тарататын жандармен күрес жұмыстарын күшейтті. Мамандар соңғы тәуліктің өзінде облысымызда өтірік ақпар жолдаудың 2 фактісін тіркепті. Заң бұзушылықтың біріншісі – Петропавлда, ал екіншісі Тайынша ауданында орын алған.

Жақында облыс тұрғыны әлеуметтік желіде Петропавлда қауіпті індеттің 2 фактісі тіркелді және алдағы уақытта шаһар карантинге жабылады деген.

Екінші жайт та осыған ұқсайды. Оқиғаға 39 жастағы нәзікжандығының қатысы бар. Ол ватцап арқылы достарының чатына Тайынша қаласында коронавирус анықталды деп аудио хабарлама жіберген. Бұл мәлімет тез тарап, тұрғындар арасында дүрбелең туғызған көрінеді. Жалған ақпарат таратқан екеуі де полицейлердің құрығына түсті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қымбат Мырзағұлова – СҚО ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі:

– ҚР ҚК 274-ші бабымен жалған ақпарат таратқаны үшін бас бостандығынан айыруға дейін жауапкершілік көзделеді. Егер бұл төтенше жағдай кезінде орын алса, онда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

 

 

Бердимурат Баймухан