МТРА жаңалықтары

Сот отырыстары бейнеконференция байланысы арқылы өтуде

Елдегі төтенше жағдайға байланысты сот жүйесі де біртіндеп онлайн режимде жұмыс істеуге көшіп жатыр. Яғни, фемида өкілдері сот отырыстарын бейнеконференция байланысы арқылы өткізуде.

Мәселен, өткен аптада Петропавл қаласының №2 сотында заман игіліктерінің көмегімен 20 отырыс ұйымдастырылыпты. Мұнда 5 судья еңбек етеді. Олар белгілі бір кесте бойынша жұмыс істейді. Осы орайда мамандардың ұсынысына құлақ түріңіздер.

Фемида өкілдері солтүстікқазақстандықтарды  өтініштерін, талап-арыздарын мейлінше кейінге қалдыруға шақырады. Елдегі ахуал реттелгенде мәселені көзбе-көз талқылауға мүмкіндік туады. Ал мүмкіндік болмаса, тұрғындар “Электрондық үкіметтің” веб-порталын, «Сот кабинеті» сервисін пайдалана алады.

Бердібек Мұстафин – СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы:

– Еліміздегі жағдайға байланысты соттар ерекше жұмыс режиміне көшті. Сол себепті, жерлестерімізден түсіністікпен қарауды сұраймыз.

 

 

Ешкенова Дана