МТРА жаңалықтары

Көктемгі әскерге шақыру уақытша тоқтатылды

Көктемгі әскерге шақыру уақытша тоқтатылды. Яғни, қазір Қазақстанда тепсе темір үзетін жалынды жігіттер ел қорғауға іріктеліп, сарбаз атанып жатқан жоқ.

Негізі, биыл дәстүрлі науқан наурыздың 1-інде басталып, азаматтардың бір тобы медициналық комиссиядан өтуге кіріскен болатын. Жоспар бойынша олар тексеріліп, еліміздің шекара қызметіне қарасты бөлімдерге жіберілуі тиіс еді. Бірақ, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты бұған шектеу қойылды. Жалпы, наурыз бен маусым айлары аралығында облысымыздан 500-ге жуық адам Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуге аттануы қажет болатын.

Марат Каримов – СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары:

– Қазақстан аумағында көктемгі әскерге шақыру тоқтатылды. Бірақ, бұл науқанның мүлдем жүргізілмейтіндігін білдірмейді. Егер 15-ші сәуірде елдегі жағдай тұрақталса, жұмысты әрмен қарай жалғастырамыз.

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан