COVID-19: Қазақстан

Құмар Ақсақалов: “Дезинфекциялық режимді күшейту қажет”

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сауда орталықтары, тамақтану орындары, қоғамдық көліктер мен адам көп шоғырланатын өзге де жерлерде дезинфекциялық режимді күшейту қажет. Есік тұтқаларын ұдайы сүртіп, еденді хлорлы сумен жуу керек. Нысандар мен автобустарға санитайзер орнатыңыздар. Қарамағыңыздағы қызметкерлерді бетперделермен қамтып, нысан аумағына маска киген адамдарды ғана кіргізіңіздер.