COVID-19: Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев: “Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз”.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Көптеген азаматтарымыздың алдағы мереке күндеріне орай жоспар құратынын түсінемін. Дегенмен, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырмыз. Ірі сауда нысандарының жұмысын шектеуге мәжбүрміз, бірақ азық-түлік дүкендері және базарлар өз жұмысын жалғастыра береді. Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және жұртшылық көп баратын басқа да орындар уақытша жабылады.