МТРА жаңалықтары

Қызметкерлер гигиеналық құралдармен толық қамдалған

«Қызылжар су» серіктестігінің мамандары қауіпті індеттің алдын алу шараларын мықтап қолға алған. Онда қазіргі күні 864 адам жұмыс жасайды. Аталған ұйым қызметкерлердің барлығын жеке гигиеналық және қорғану заттарымен түгел қамтамасыз етіп отыр. Мамандардың өзі де сақтық шараларын жіті ұстанады.

Бұл шаһарымызды тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған жалғыз ұйым – «Қызылжар су» серіктестігі. Елде – төтенше жағдай. Әрине, осындай көп адам жұмысістейтін жерде вирустың таралу қаупі жоғары. Сол себепті, тазалық шараларын мұқият қадағалаған аса маңызды.

Зият Арықов – «Қызылжар су» ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметінің бастығы:

– Бөлмелерде кварц шамдары орнатылды. Және зарарсыздандыру құралдары орнатылды.

Ғимаратқа кіріп-шығатын орындардың барлығында мынадай антисептикалық құрылғылар тұр. Қызметкерлер жұмысқа келгенде осымен қолдарын тазалап барып ішке кіреді. Барлығы бір тәртіппен іске асырылады. Мамандар өздері де жұмыс орындарын әр 15 минут сайын мұнтаздай қылып тазалап отырады. Компьютер мен телефонға да антисептик бүркіп сүртеді екен. Сақтық деп осыны айт.

Гүлбарам Сәкенова – «Қызылжар су» ЖШС диспетчері:

– Біздің жұмыс компьютермен байланысты. Сол себепті, отырған орнымызды тазартып отыруымыз тиіс.

Мекеме басшылығы мамандарын тазалық құралдарымен толық қамтамасыз етеді екен. Мамандар өз қалтамыздан ақша шығарып ештеңе алмадық дейді.

Гүлбарам Сәкенова – «Қызылжар су» ЖШС диспетчері:

– Сақтандыру шаралары барлығы жасалып жатыр. Тазалық құралдары жұмыс орнынан берілді. Өз ақшамызға ештеңе алған жоқпыз.

Қазіргі күні мекеме күніне 30-ға жуық тұрғынды қабылдайды. Дені – қарт адамдар. Серіктестікте интернет арқылы төлем жасау да бір жолға қойылыпты. Осы орайда айта кеткен жөн, қазіргі ахуалда онлайн төлем жасау – вирустан қорғанудың бір жолы. Себебі, тұрғындар бұл істі сыртқа шықпай үйде отырып атқарады. Сәйкесінше вирус жұқтырған адамдармен байланысу қаупі де аз болады.

Лариса Скурихина – қала тұрғыны:

– Әрине, істі онлайн түрде атқарған ыңғайлы. Ешқайда барудың қажеті жоқ. Мен үшін төлемнің барлығын қызым жасап береді. Қазір мұнда құрбыммен келдім.

Жалпы, серіктестікте 850-ден аса адам қызмет етеді. Мамандардың жұмыс кестесі дәл қазіргі ахуалға негізделген. Басым бөлігі тәулік бойы жұмыс істейді екен.

Бердімұрат Баймұқан