МТРА жаңалықтары

Су тасқынына дайындық жүргізілуде

Қалада су тасқынына дайындық қызу жүргізілуде. Шеттегі жер үйлерді су баспас үшін жергілікті атқарушы орган өкілдері қаладағы 2 дамбаны нығайтып жатыр.

Қазірдің өзінде 5 мың текше метр инертті материал дайын тұр. Сондай-ақ, дамбаның іргесін беріктеу үшін ақ балшық салынған қаптар дайындалуда.

Денис Маршалов – «Тазартқыш, су таратқыш және су өткізгіш ғимараттар” МКК бөлім басшысы:

Заречный кентінде инертті материал дайын тұр. Қаптардың басым бөлігін осы жерде құммен толтырамыз. Бұл дамбаның іргесін нығайту үшін керек. Қызыл су келіп қалған жағдайда оны ұстап қалады деп ойлаймыз.

Бердімұрат Баймұқан