МТРА жаңалықтары

Петропавлда маскалар тегін таратылды

Бүгін Петропавлда бірнеше рет қолдануға болатын маскалар тегін таратылды. Мұндай ерекше акцияны жергілікті киім дизайнері Зарина Черняева ұйымдастырды.

Осыдан біраз күн бұрын он саусағынан бал тамған шебер өз тапсырыстарын кейінге шегеріп, бетперде тігуге кірісіпті. Бұған дәріханалардағы қорғаныс құралының жоқтығы себеп болған. Жерлесіміздің жұмысын тұрғындар бірден алды. Жалпы, қаланың қақ ортасында ұйымдастырылған шара барысында адамдарға ондаған дана маска үлестірілді.

Зарина Черняева – киім дизайнері:

– Соңғы уақытта дәріханаларда масканың жоқтығы, бар болса да қымбаттағын жайлы жиі естідім. Сондықтан бірнеше рет қолдануға болатын бетперде тігіп, тұрғындарға тегін таратуды ұйғардым. Бүгін ойлағанымды жүзеге асырып отырмын. Осы ісім арқылы қауіпті індеттің таралмауына үлес қосқым келеді.

Дана Ешкенова