Құқық қорғау органдары

“Іздестіру” жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

«Іздестіру» мемлекетаралық жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. Ол наурыздың 18-19 күндері ұйымдастырылған болатын.

Бұл жолғы акцияға жалғыз облысымыздың емес, ТМД құрамындағы елдердің тәртіп сақшылары қатысты. Мамандар ауқымды шара барысында қылмыскерлер мен із-түссіз жоғалған жандарды анықтауға тырысты. Нәтиже жаман емес. Жергілікті құқық қорғаушылар 2 күнде 13 бірдей заң бұзушыны және хабарсыз жүрген 1 тұлғаны тауыпты. Қолға түскендердің арасында ресейлік полицейлер іздеп жүрген адамдар да бар. Олар көрші елдің жедел уәкілдеріне тапсырылған.

Андрей Бондаренко – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде 13 қылмыскер ұсталды. Олардың 7-еуін бұған дейін ТМД құрамындағы өзге елдердің мамандары іздестірген екен. Шара барысында шетелдік әріптестеріміздің көмегімен біз іздеген адамдар да табылды. Мысалы, ресейлік мамандар 1 заң бұзушы мен хабар-ошарсыз кеткен 1 адамның жүрген жерін анықтады.