МТРА жаңалықтары

Еріктілер ақпараттық қағаз таратып жүр

Коронавирусқа байланысты кинотеатрлар, мәдени мекемелер мен ойын-сауық орталықтары жұмыс істеулерін уақытша тоқтатты.

Тұрғындар бұған түсіністікпен қарайды. Бірінші кезекте бұл, әрине, әр адамның өз денсаулығы әрі қоғамдық жауапкершілік таныту деуге болады. Қазір жұмысбасты жандардың көпшілігі қашықтықтан қызмет етуге көшіп жатқаны белгілі. Ағайынның басым бөлігі үйлерінде отыр және көше мен саябақта серуендеп, таза ауа тыныстап жүрген адамдарды жиі кездестіруге болады. Бұл сәтті еріктілер тиімді пайдалану мақсатында қоғам үшін пайдалы бір істі қолға алып жатыр. Белсенді жастар тұрғындарға коронавирустан қорғанудың амал-әдістері жазылған ақпараттық қағаз таратып жүр.

Бақдәулет Сапархан – қалалық жастар ресурстық орталығының маманы:

– Қаламыздың тұрғындарына короновирус жайлы жазылған қағаздарды таратып жатырмыз. Біз шараны тек көшелерде ғана емес, сауда орталықтарына да барып өткізудеміз.

Маржан Касымбек