“Радуга” ЖШС антисептик өндірісін бір жолға қойды

МТРА жаңалықтары

21:20 19 Наурыз 2020

Жергілікті антисептиктер – дүкен сөрелерінде. “Радуга” серіктестігі бір аптаның ішінде дезинфекциялық сұйықтықтың өндірісін қолға алды. Бүгін кәсіпорын өнімнің алғашқы легін дайындады. Ал айына компания аталған тауардың 30 тоннасын әзірлемек.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:

 – Соңғы бір айдың ішінде медициналық маскалар мен антисептиктер қолжетімсіз дүниеге айналды. Өнімдерді тек дәріханаларды күзетіп қана табуға болады. Оның өзінде бағасын көргенде көзің шарасынан шығып кете жаздайды. Мәселен, осыдан бір ай бұрын ғана дезинфекциялау құралының мынадай кішкентай бөтелкесі 250 теңгеден саудаланса, қазір оның құны 5 есеге артқан.

Медициналық бетперделердің жайы біртіндеп шешіліп жатыр. Масканы матадан тігіп алуға болады. Іске қазір қаладағы ательелер кіріскен. Ал, антисептиктер ше? Тапшылық мәселесін жоюды жергілікті Радуга серіктестігі қолға алыпты. Өндіріс процесін меңгеруге бір апта ғана уақыт кеткен. Қазір сұйық сабын шығарылатын цехте қызметкерлер арнайы өнімнің алғашқы легін әзірлеу үшін білек сыбана еңбектенуде.

Дмитрий Шарапаев – “Радуга” ЖШС бас директоры:

– Антисептикті спирт, глицерин мен перекись водорода, яғни сутегінің асқын тотығынан жасаймыз. Біріншісі микробтардан тазартуға арналған. Екіншісі қолымызды көзге көрінбейтін қорғану қабатымен жабады. Ал сутегінің асқын тотығы осы екі препаратты өзара байланыстыру үшін керек. Белгілі бір пропорцияға бөліп, осы үшеуін 2-3 сағаттай араластырамыз. Кейін қажетті сараптама жасаймыз. Егер нәтижеге көңіліміз толса, бөтелкелерге құямыз.

Дезинфекциялық сұйықтықтың алғашқы легі әзір болды. Күніне өндіріс ошағы 1 тоннадай тауар дайындамақ. Ал бір айлық меже – 30 тонна. Антисептиктер бүгін-ертең сатылымға шығады. Ол тек дәріханаларда емес, дүкендер мен базарларда да саудаланбақ. Өнім құйылатын ең кішкентай ыдыстың көлемі – 250 мл. Ал, бірден молырақ аламын дейтіндер үшін 5 литрлік бөтелкеде шығару жоспарлануда.

Дәріханалардағы аласапыранға байланысты антисептикті әзірлеуге қажет дүниелердің құны күннен-күнге өсуде дейді компания басшысы. Логистика проблемасы тағы бар. Соған қарамастан “Радуга”-ның дезинфекциялық сұйықтығы барынша қолайлы бағамен саудаланбақ. Әзірге өндіріс ошағы тауардың құнын нақты белгілемепті. Десе де, қалта қақпайды деп сендіруде. Кәсіпорын антисептик шығарумен тоқтап қалмақ емес. Тұтынушылар тарапынан сұраныс диспенсерлерге де жоғары. Серіктестік құрылғының алғашқы сынамалық үлгісін жасапты. Енді оны жетілдіріп, саудаға шығармақ ниетте. Себебі, диспенсерлерді алдағы уақытта әрбір мекеме мен қоғамдық көліктерге орнату жоспарлануда.

 

 

 

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірде коронавирусқа байланысты эпидахуал тұрақталуда
Ойқаладағы Потанин көшесі безендіріліп жатыр
Гуманитарлық жәрдем СҚО-ға жеткізілді
Тамыздың бірінен жарық қымбаттайды
Петропавл маңында тазалық рейді өткізілді
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған монеталар шықты
Көліктік бақылау инспекциясы мемлекеттік қызметтің 19 түрін көрсетеді
Петропавлда құрылыс саласына мамандар қажет
Халықты маска тағуға шақырған маманның өзі маскасыз болғаны анықталды
Жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңға өзгерістер енгізілуі мүмкін
10 тамыз – Абай күні
Карантинді бұзған тойдың да шырқы бұзылды