Құқық қорғау органдары

Облыста 70-тен астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелген

Ғаламтор беттерінде алдап-арбау фактілері тыйылар емес. Жыл басынан бері облысымызда 70-тен астам интернет-алаяқтық оқиғасы орын алыпты. Өкінішке қарай, оның тек төрттен бір бөлігінің ғана беті ашылған. Сондықтан тәртіп сақшылары тұрғындарға сақ болу қажеттігін ескертуде.

– Кредит алу бойынша көмек бере аласыз ба? Иа әрине ол үшін сізге Көке.кз сайтына кіріп регистрациядан өтіп, онлайн түрде өтініш бере аласыздар. Біз 10 мыңнан 130 мың теңге арасындағы сомманы береміз.

Кейбір қазақстандықтар қаржылық проблемаларды оңай шешкісі келеді. Сондықтан көбі онлайн-несиеге жүгінеді. Бірақ, мұндай тәсіл арқылы кредит рәсімдеу қауіпті. Кез-келген жан алаяқтардың арбауына түсіп, сан соғып қалуы мүмкін.

Данияр Ғалиақпаров – СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– Алаяқтардың құрбанына айналмас үшін сақ болуы қажет. Осыны азаматтарға ескертемін.

Жалпы, жыл басынан бері облысымызда интернет-алаяқтықтың 70-тен астам фактісі тіркеліпті. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда үш есеге көп екен. Ал, заңсыз жолмен онлайн-несиелеу бойынша 24 оқиға анықталған. Полицейлер тұрғындарға сақ болуды және қандай да бір құқық бұзушылық белгілері байқалса, бірден хабарласуды ескертеді.

 

 

 

Ешкенова Дана