Аптадағы маңызды жаңалықтар

Халықаралық жүк тасымалына қатысты өзгерістер

Дүйсенбі, наурыздың 16-сы елімізде төтенше жағдай жарияланған болатын. Сол күннен бастап шекарадан өтуге шектеу қойылды.

Бірақ, бұл өзгеріс барлығына ортақ емес. Қазір басқа мемлекетте жүрген қазақстандықтың оралуына мүмкіндік бар. Сол сияқты біздің республикаға төтенше жағдай жарияланбас бұрын келген шетелдік де шекара аса алады. Сондай-ақ, өзге елге ем алуға баруы тиіс отандастарымызға да тыйым салынбаған. Науқас бар болғаны денсаулық сақтау министрлігінен алған құжатын көрсетуі тиіс. Дипломаттар мен олардың отбасылары да емін-еркін қозғалады. Қазақстанда тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктерге де есігіміз ашық. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында айтылды.

Ербол Ғаббасов – 2032 әскери бөлімі бастығының орынбасары:

– Халықаралық жүк тасымалы баяғыша жалғасуда. Шектек тек “1А”, “1Б” категорияларына жататын елдерден келетін машиналарға қойылған. Бұл жүк көліктерінің жүргізушілері шекарада Қазақстан азаматына ауыстырылатын болады.

 

 

Эльмира Садвокасова