Құқық қорғау органдары

Синтетикалық есірткі саудалаған 12 сайт бұғатталды

Небәрі 2,5 ай ішінде облыс полицейлері синтетикалық есірткі саудалап келген 12 бірдей сайт пен 2 интернет-дүкенді анықтапты. Олардың бәрі бүгінде бұғатталып, ұйымдастырушылары қамауға алынған.

Қауіпті парақшалардың сілтемелері үйлердің қабырғаларында, қоршаулар мен гараждарда граффИти жазбалары арқылы жарнамаланып отырған. Ең сорақысы, еліткіш саудагерлер бұл шаруаға, яғни адрестерді жазуға жас қыз-жігіттерді тартады. Жұмысы үшін оларға алдымен ақша, кейін есірткі дозаларын беріп, есеп айырысып отырған. Айта кеткен жөн, қаңтардан бастап мұндай жазба қалдырғандарға қатысты жаза қатаңдатылды. Олар енді 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басталғалы полицейлер кооператив төрағалары және еріктілермен бірлесіп, сайттардың сілтемелері көрсетілген 100-шақты граффИтиді өшіріп тастаған. Ал жазбаларды байқаған тұрғындар полицияға «WhatsApp» мессенджері арқылы хабарлай алады.

 

Эльмира Садвокасова