Қоғам

Әлеуметтік желіде тараған жалған ақпарат

Қалада рейд өткізіледі. Балаларды үйден шығармаңыздар. Егер оқушылар мектепте, дүкендерде немесе автобустар мен көшеде жүретін болса, мектеп басшылығы жазаға тартылып, ана-аналарға айыппұл салынады. Дәл осындай хабарлама соңғы күндері жерлестеріміздің арасында көп тарап кетті.

– В целях безопасности с завтрашнего дня будут проводиться рейдовые мероприятия по школам! Если вдруг ребёнок окажется в школе по таким причинам как дополнительные занятия или кружки, то будут наказаны школы. Но если детей обнаружат в магазинах, в автобусах, на улицах родителей накажут штрафом! Поэтому разошлите эту информацию по родительским чатам очень срочно!!!!

– Қауіпсіздік шаралары аясында мектептерде ертеңнен бастапрейдтік шаралар өткізілетін болады. Егер балаңыз қандай да бір себептермен білім ошағында жүретін болса, мектеп басшылығы жазаға тартылады немесе балалар дүкендерде, автобустар мен көшеде кездессе олардың әке-шешелеріне айыппұл салынады. Сол себепті, бұл ақпаратты ата-аналар чатына жедел жіберу керек.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар анықталғаннан бері соңғы 2-3 күн ішінде осындай ақпарат тұрғындардың арасында тез тарап кетті. Бұл хабарлама сіздің де смартфоныңызға келіп түскен шығар. Ата-аналардың көбісі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жүрген осы ақпарға наразылықтарын білдіріп жатты. Себебі, алда – мереке, демалыс. Ал ойын баласы күні бойы төрт қабырғада отырып, далаға таза ауа жұтуға да шыға алмағаны ма? Мамандар өз кезегінде бұл хабардың жалған екендігін жеткізді.

Алмагүл Оспанова – СҚО білім басқармасының бас маманы:

–  Соңғы екі күнде әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарап кетті. Ата-аналардың арасында балаларды көпшілік жиналатын жерлерге жібермеу, үйлерінде отырсын әрі рейдтер өткізіліп айыппұл салынады деген. Мұның барлығы жалған ақпарат.

Ал тәртіп сақшылары қисынға келмейтін мұндай ақпар таратқандарға 1000 АЕК көлемінде айыппұл немесе 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған дейді. Айта кетейік, қазір мектеп оқушыларының барлығы наурыздың 16-сынан сәуірдің 5-іне дейін 20 күндік демалысқа шыққан болатын. Ал университет пен колледж студенттері қашықтықтан онлайн режимде оқытылып жатыр. Мектептердің жұмысы, әзірше, тоқтатылды. Бірақ, шағын орталықтар мен балабақшалар ары қарай қызметтерін жалғастыра береді.

Алмагүл Оспанова – СҚО білім басқармасының бас маманы:

– Біздің мектепке дейінгі ұйымдарда штаттық режимде жұмыс жалғасуда. Бірақ, балаларды балабақшаға әкелуге болады. Ол – ата-аналардың өз таңдауы. Ал қосымша білім беру орындары уақытша жұмысын тоқтатты.

Сондай-ақ, балалар қалаған уақыттарында көшеге шығып серуендеп, туыс-туғандарының үйлеріне бара алады. Бірақ, елде төтенше жағдай жарияланды. Осыған байланысты адамдар шоғырланған көпшілік орындарға бармай, сақтанып жүргендері абзал дейді мамандар.

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан