Құқық қорғау органдары

“Жолда қабылдау” акциясы өтті

Солтүстікқазақстандықтар  полицейлердің көмегімен көптен күткен құжаттарына қол жеткізді. Тәртіп сақшылары “Жолда қабылдау” акциясына жүгінген азаматшалардың туу туралы куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектескен. Жақында Петропавлда аталған акцияның кезектісі қорытындыланды.

Дариха, Кәмеш, Дәния Нұғымановалар Омбы облысында дүниеге келген. Олар Қазақстанға осыдан 30 жыл бұрын қоныс аударыпты. Елімізге келгесін азаматшалар туу туралы куәліктерін жоғалтып алады. Кейін, Ресейге құжатты рәсімдеу үшін өтініш жібереді. Бірақ, бұдан ешқандай нәтиже болмайды. Мәселе жақында жергілікті полицейлердің араласуымен шешілді. Нақтырақ айтсақ, “Жолдау қабылдау” акциясы барысында жерлестеріміздің базынасы тыңдалып, проблема бір жақты етілген.

Алтынбек Жамалиев – СҚО ПД процессингтік орталығы бастығының міндетін атқарушы:

 – Полицияның фронт-кеңселерінде, “Nur Otan” партиясының қоғамдық қабылдауында және учаскелік полиция пункттерінде «Аулаларда қабылдау» акциясы өткізілуде. Бұрын өткізілген 11 акция барысында облыс полицейлері өңір азаматтарының 4 мыңнан астам сұрақтарына жауап берді.

Бұл акцияға 69 жастағы Михаил Суровежко алғаш рет қатысып отыр екен. Зейнеткер 50 жылдан астам темір тұлпар тізгінінде. Шара барысында қарт тәртіп сақшыларына сұрақ қойып, мәселесін жеткізбеді Керісінше, полиция қызметкерлерінің жұмысына алғыс айтты.

Михаил Суровежко – қалааралық автобус паркінің жүргізушісі:

 – Біз алыс сапарға шығып, жолаушыларды тасымалдаймыз. Жол үстінде түрлі жағдайлар орын алады. Сол кезде бірден полицейлердің көмегіне жүгінеміз. Мамандар бізге үнемі көмек қолын созады. Соған өте ризамын!

«Жолда қабылдау» акциясы екі күнге жалғасты. Шара әлеуметтік желілер арқылы жұртшылыққа онлайн режимде көрсетілді. Бұл жолы мамандар солтүстікқазақстандықтардан түскен 197 сұраққа жауап беріпті.

 

 

 

Маржан Касымбек