Прокурорлар жауапсыз жұмыс берушілерді анықтауда

МТРА жаңалықтары

21:38 12 Наурыз 2020

Өндірістік жарақаттардың алдын алу мен жалақының уақытылы төленуі. Аталған мәселелер – өңір прокурорларының жіті бақылауында. Жергілікті қадағалау органының өкілдері өткен жылы “Заң және еңбек” жобасын іске қосқан. Бүгінге дейін мамандар бірқатар проблемалық кәсіпорындарды анықтап, тиісті жұмыс жүргізген екен.

Жалақының уақытылы төленбеуі – өңірдегі өзекті проблемалардың бірі. Ұзақ уақыт бойы адал жұмыс істеп, бірақ ол үшін тиісті айлыққа қол жеткізе алмау жағдайлары жылдан-жылға азаяр емес. Жұмысшылардың бірі жалақысын 3-4 ай, енді бірі 6 жыл күтіп отыр екен. 2014-те банкротқа ұшырап не жұмысын тоқтатқан кәсіпорындардың өз мамандары алдындағы берешегі 12 млн теңгеден асыпты. Былтыр қарыз толығымен өндіріліп алынды. Жалпы, 2019-да жергілікті прокурорлармен 8,5 мың қызметкердің құқығы қорғалған. Нәтижесінде еңбеккерлерге жалпы сомасы 700 млн теңге болатын жалақы төленді.

Жарқын Белгібеков – облыс прокурорының көмекшісі:

– 2019 жылы Ғ.Мүсірепов пен Жамбыл аудандарының 3 жұмыс берушісі ҚК 152-бабы бойынша жалақыны жүйелі түрде төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың берешегі 300 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін жеткен. Негізі, оларға 200 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бірақ, аталған жұмыс берушілер қызметкерлерімен бітімгерлікке келіп, жалақыларын төлеп құтылыпты. Осылайша, ешбір жауапкершілікке тартылмаған. Айта кету қажет, мұндай кәсіпорындарға қарастырылған жаза бізде қатаң емес. Сондықтан, прокурорлар заңға өзгерту енгізу жайында ұсыныс жасады. Бұл ретте қадағалаушы орган өкілдері Польша мен Франция елдерінің тәжірибесіне сүйенген көрінеді. Аталған мемлекеттерде жұмысшыларына дер кезінде айлығын бермеген басшылар 2-ден 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады екен. Сонда ғана серіктестік басшысы өз мойнына жүктелген жауапкершілікті ұғынбақ дейді мамандар. Олқылықтар зейнетақы аударымдарына да қатысты.

Юлия Корихова – облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:

– Үстіміздегі жылдың ақпан айындағы ақпаратқа сәйкес зейнетақы қорына 254 млн теңге аударылмаған. Шаруаны уақытылы атқармайтындардың 75 пайызы – агроқұрылымдар. Жауапсыз кәсіпорын басшыларының салдарынан қызметкерлер еңбек демалысына шыққанда өздеріне тиесілі ақшадан қағылулары мүмкін.

«Заң және еңбек» жобасы тағы өндірістік жарақаттарға жол бермеуді де қарастырады. Соңғы 3 жылдың ішінде өңірде мұндай 167 факті орын алған. Бұл – уәкілетті орган өкілдерінің есебі. Бірақ, прокурорлар тексеріс барысында тағы 5 жағдайдың жасырын қалғанын анықтаған. Барлық заңбұзушылықтар бойынша қазір қадағалау органының өкілдері тиісті жұмыс жүргізуде.

Эльмира Сәдуақасованың

Бұдан әрі оқыңыз

Қ.Тоқаев: “Қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз”
Дезинфекциялау шаралары күшеюде
«Атамекен» ҰКП қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысты
“Біз біргеміз” акциясы жалғасуда
Өңір полицейлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Бюджеттік ұйымдар қазына қаражатын жөнді жұмсап жатыр ма?
Мемлекеттік органдарға жүргізілген сыртқы талдау жұмысы
Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Коронавирустың алдын алу шаралары әкімдік отырысында талқыланды
Петропавлда маскалар тегін таратылды
Президент тапсырмалары