Қоғам

Петропавлда іскер әйелдер бас қосты

“Әйелдер кәсіпкерлігі отандық экономиканың драйвері ретінде”. Бүгін өңірдің іскер нәзікжандылары осындай тақырып төңірегінде семинар өткізді.

Жиында қыз-келіншектерге бизнеспен айналысудың қыр-сыры түсіндірілді. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жайлы да кеңірек айтылды. Кездесуге 30-ға жуық азаматша келген екен. Барлығы да өз ісін бастағылары келеді. Мәселен, Күләш Татева үш жыл бұрын «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша несие алып, өзінің жеке бизнесін бастаған. Нәзікжанды қысқы аяқ киім тігумен айналысады.

Күләш ТАТАЕВА – кәсіпкер, өңірдің іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі:

– Өз бизнесімді ашқаныма 3 жыл болды. Жастарға айтарым еш нәрседен қорықпау керек. Керісінше, мемлекеттік қолдауды пайдаланып қалу қажет. Бұл әр адам үшін үлкен мүмкіндік.

Дана Ешкенова