Құқық қорғау органдары

Қала көшелерінде көлігімен құйындай жүйткіген жігіт ұсталды

Екі бірдей жол ережесін бұзған Toyota Hilux  көлігінің жүргізушісі ұсталды. Оның  қаланың орталық көшелерінде өзгеге қауіп төндіріп құйындай жүйткіп жүргенін  тұрғындар телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салған.

Полицейлер тәртіп бұзған жігітті осы видео арқылы анықтапты. Темір тұлпарды тізгіндеген – 30 жастағы қала тұрғыны. Ол ҚР ҚК 596-шы және 606-шы баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ әрі одан бөлек, 80 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. Жалпы, бұл өңірде жыл басынан бері тіркеліп отырған алғашқы жайт емес. Естеріңізде болса, қаңтар айында үрлемелі матрасты көлікке жалғап алып, көшеде сырғанақ тепкен жастар жазаға тартылған еді.

Актолкын Солтанханкызы