Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Қауіпсіз мектеп” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде

“Қауіпсіз мектеп”. Петропавлда осындай атаумен республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы бастау алды. Оның аясында тәртіп сақшылары түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында рейд жүргізеді. Бұл – жыл басынан бері ұйымдастырылған 37-ші шара. Полицейлер 7 жасөспірімді есепке алып, 95 ата-ананы жауапкершілікке тартқан.

Компьютерлік клубтар, түнгі ойын-сауық орындары. Дәл осындай жерлерде көбіне жастарды кезіктіруге болады. Араларында 18-ге толмаған жасөспірімдер де бар. Күн жылысымен түнде көше кезіп жүретіндері де аз емес. Осы орайда ювеналды полиция қызметкерлері алдын алу жұмыстарын күшейтуде. Мамандар оқу ошақтарында «Қауіпсіз мектеп» акциясын өткізіп, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында түсіндіру шараларын жүргізіп жатыр.

– Мы не только карательная служба, мы еще и работаем для того, чтобы вас защитить. Поэтому вы должны всегда нам доверять, наши двери всегда открыты. 24/7 – мы всегда работаем ради вашей безопасности.

Түсіндіру шараларының бірі қалалық №2 орта мектебінде өтті. 10-11-ші сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Динара Мұқанова кездесті. Шағын жиынға 70-тен астам бала қатысты. Жасөпірімдерге түнде көшеге 10-нан кейін заңды өкілмен ғана шығуға болатыны туралы айтылды. Әйтпеген жағдайда жаза қарастырылған. “Қауіпсіз мектеп” шарасына тәртіп сақшылары еріктілерді де тартқан.

Евгений Соловьев – СҚО бойынша іздеу жасағының жетекшісі:

– Мектеп оқушыларына учаскелік полиция инспекторымен бірге құқықбұзушылық жасаған адам жауапкершілікке тартылатыны жайлы түсіндікрдік. Тәртіпті болып, үлкендерді тыңдау қажеттігін айттық. Мен ұл-қыздарды іздеу жасағының қатарына шақырып, белсенділік танытуларын сұрадым.

Жыл басынан бері қалалық ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдердің арасында заңбұзушылықтардың алдын алу үшін 37 түнгі рейд өткізіпті. Бұл бағытта 50-ге жуық тәртіп сақшысы еңбектеніп жүр. Шараның нәтижесінде 7 жасөспірім есепке алынған. Балалары түнгі уақытта үйлерінде болмаған 95 ата-ана жауапкершілікке тартылыпты.

Дана Ешкенова