МТРА жаңалықтары

Айыртау ауданына жас әкім келді

Бүгін Айыртау ауданының әкімі ауысты. Бұл лауазымға облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келген Дархан Әмрин тағайындалды.

Жаңа әкімнің жасы небәрі 30-да, алайда аймақ басшысының оған артып отырған сенімі зор. Сөзінше, ауданды гүлдендіруге оның қабілеті бар. Дархан Әмринді  Құмар Ақсақалов бүгін Айыртау активіне таныстырды. Жас атқамінерге жаңа лауазымда біраз тер төгуге тура келеді. Өйткені, ауданда шешімін күтіп отырған түйткілдер аз емес. Тиімсіз пайдаланылып жатқан жерлерді мемлекетке кайтарудағы қарқын осал, ал Шалқар-Имантау курорттық аймағында бірде-бір мардымды туристік жоба әлі жүзеге аспаған. Дархан Әмринге осы және өзге де мәселелерді бақылауда ұстап, оларды шешу жолында жұмыс жасау тапсырылды. Ал ауданды бұған дейін 2 жыл басқарған Бейбіт Исманов жуырда жаңа лауазымға ауыспақ, бірақ қайда екені әзірге белгісіз.

Саят Ермек