Спорт

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Олимпиадаға жолдама алды

Жолдамаға қол жеткізді. Қазақстандық велошабандоздар Токиода өтетін Олимпиада ойындарында бәсекеге түседі. Жаһандық жарыста ел намысын көппен бірге жерлесіміз Артем Захаров та қорғамақ.

4 жылдықтың басты додасында бақ сынау құқығына қол жеткізу  отандастарымызға оңайға соқпады. Олар Берлинде өткен әлем чемпионатында үздіктер қатарынан көрініп, тұңғыш рет велоспорттың “спринт”, “омниум” және “кейрин” түрлерінен қатысуға мүмкіндік алды. Айта кетейік, төрткүл дүние тағатсыздана күтіп отырған Олимпиада ойындары Жапонияда 3 тамызда бастау алады.

Бердимурат Баймухан