Спорт

“Qyzyljar” ФК маусымды жеңіліспен бастады

“Qyzyljar” ФК маусымды жеңіліспен бастады. Жерлестеріміз алғашқы матчта бірнеше дүркін ел чемпионы – елордалық “Астана” құрамасына есе жіберіп алды.

Алматыда өткен кездесудің алғашқы таймында жанкүйерлер гол көре алмады. Яғни, бірінші қырық бес минуттық 0 де 0 есебімен аяқталды. Үзілістен кейін астаналықтар сауатты ойын өрнегін көрсетті. Олар шапшаң қимылдап, солтүстікқазақстандықтардың қақпасын 1 емес, 4 мәрте  дәл көздеді. 1-ші турдың қорытындысына тоқталайық. Көш басында – “Астана”, екінші – қостанайлық “Тобыл”, үшінші – талдықорғандық “Жетісу”. Ал қызылжарлықтар ең соңғы – 12-ші орында. Жерлестеріміз келесі кездесуді наурыздың 14-і күні, сырт алаңда павлодарлық “Ертіс”-ке қарсы өткізеді.

Бердимурат Баймухан