Қоғам

Құтқарушылар мен студенттер қарияға көмектесті

Еріктілер қарияға көмектесті. №2 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары мен М. Жұмабаев атындағы жоғарғы колледж студенттері Людмила Леоноваға үйінің алдындағы қарды тазалауға жәрдемдесті.

Жалғызбасты қария – екінші топтағы мүгедек. Ауладағы үйінділерді әдетте өзгеге ақша төлеп шығартқызады екен. Ал қалтасы жұқарғанда денсаулығының нашарлығына қарамастан бір тірлік жасайын деп қолына күрек алады. Кейуананың мүшкіл халінен хабардар болған белсенділер Людмила Леонованың үйіне келіп, шатыры мен ауласындағы қарды тазалап берді.

Ұлан Молдашев – Петропавл қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы:

– Қарды тазалау шарасы жыл басында бастау алды. Тазалау жұмыстары жалғаса бермек.

Маржан Касымбек