Қоғам

Көші-қон заңнамасына енгізілген өзгерістер

14 жасқа толмаған ел азаматтары тұрғылықты жері бойынша тіркелуге міндеттелмейді. Жуырда Қазақстанның көші-қон заңнамасына түзетулер енгізілді.

Яғни, ата-аналарының мекенжайы балалардың тұратын жері болып есептеледі. Сондай-ақ, өзгеріске сай енді 14 жасқа толғаннан кейін ғана / жасөспірім тұрғылықты мекенжайы және уақытша тұратын жері бойынша тіркеуге алынады. Мамандардың айтуынша атқарушы органдар мемлекеттік қызмет көрсету кезінде баланың мекенжайын белгілеу үшін жүйеден ата-анасының тіркелгендігі жөнінде ақпарат алулары керек.

Жанат Сағынтай – СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:

– ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына түзетулер енгізілді. Осыған байланысты 14 жасқа дейінгі балалар тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жатпайды.

Бердимурат Баймухан