8 Наурыз

Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған флешмоб

Петропавлда Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында флешмоб ұйымдастырылды.

Белсенді жастар нәзікжандыларды мейраммен құттықтау үшін Қазақстан Конституциясы көшесіне жиналды. Түрлі түсті шар ұстаған еріктілер сегіз саны белгілеп сап түзеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шағын болса да жүрекжарды лебізге толы іс-шараға 2 күндей дайындалыпты. Барлығы 40-қа жуық адам қатысқан.

Әлфараби Мыңбай, қалалық жастар ресурстық орталығының маманы:

– Жалпы, бұл флешмобқа университетіміздің студенттері, заводтағы жас мамандар мен еріктілер қатысты. Бұл іс-шараға 40-қа жуық студент пен еріктілер қатысты.

Эльмира Садвокасова