МТРА жаңалықтары

Облыс прокурорларының алқалы отырысы өтті

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы – өңір прокурорларының бақылауында. Қадағалаушы орган өкілдері 2019 жылдың 12 айында атқарылған шаруаны қорытындылады. Алқалы отырысқа аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Жиында уақытылы төленбейтін жалақы мен өндіріс кезінде алынған жарақаттарды жасырып қалған кәсіпорындар туралы айтылды. Мәселені біржақты етуде мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметкерлері мен полиция департаментінің өкілдері қоян-қолтық жұмыс істемейді. Прокурорлар облыс әкімі аппаратымен бірлесіп жүргізген сараптама нәтижесі бойынша дәл осындай ұйғарымға келіп отыр. Отырыс барысында олқылықтарды жойып, еңбекақыны төлеу бойынша жұмыстарға қарқын қосу қажеттігі сөз болды.

 

Эльмира Садвокасова