Әр түрлі

Петропавлда “Эталон меха” көрмесі өтуде

Нағыз сәнқойлар үшін жағымды жаңалық! Петропавлда ресейлік “Эталон меха” компаниясы тіккен ішіктердің көрмесі өтіп жатыр. Сыртқы киімдердің сапасы жоғары, ал бағасы қалта қақпайды. Себебі, өндірушілер жерлестерімізге түрлі жеңілдіктер ұсынып отыр.

Бұл жолы ресейлік “Эталон меха” компаниясы солтүстікқазақстандық аруларға ішіктердің 300 түрін ұсынуда. Мәселен, көрмеден көздің жауын алатын ұзынды-қысқалы, түрлі түсті тондарды кездестіруге болады. Жәрмекеде кез келген нәзікжанды өзінің талғамына сай келетін сырт киімді таңдап ала алады.

Антон Саранча – “Эталон Меха” көрмесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:

– Петропавлға күзен мен мутоннан жасалған түрлі тондар топтамасын әкелдік. Бұл – осы маусымның қорытынды көрмесі. Сондықтан, ішіктерге 20 пайыздан 50 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Мұнда нәзікжандылар барлық өнімді киіп, қарап, еркін таңдай алады. Біздің компания өкілдері Петропавлға енді тек тамыз айында келеді.

Жалпы, Пятигорск қаласында шығарылатын тондар теріскейліктердің жоғары сұранысқа ие. Ішіктердің сапасына тағар мін жоқ дейді тұрғындар. Мәселен, Мадина Джабаева көптен бері іздегенін осы көрмеден тауыпты. Ару күзен терісінен тігілген автоледи ішігін таңдаған.

Мадина Джабаева – қала тұрғыны:

– Киімді сатып алмас бұрын сапасына қараймын. Таңдап алған ішік барлық жағынан көңілімнен шықты. Тіпті, бағасы да қолжетімді. Мереке қарсаңында өзіме осындай сыйлық жасауды жөн көрдім.

Көрмеден тондардың қарапайым ғана емес, табиғи және боялған үлгілерін де кезіктіруге болады. Бұл жолы жәрмеңкеге әкелінген ішіктер арзандатылған бағамен саудалануда. Әр сырт киімге жеңілдік қарастырылған екен. Мәселен, мына жерде ілініп тұрған тондардың бастапқы құны 600 мың теңгеден асады. Жеңілдік жасаудың арқасында небәрі 365 мың теңгеге сатып алуға болады.

Дана Сәлімқызы – тілші:

– Жәрмеңкеде жайғасқан тондардың бағалары әр түрлі. Мысалы, менің үстімдегі ішіктің құны 900 мың теңгені құрайды. Себебі, ол канадалық құндыздан тігілген. Бірақ, қазіргі жеңілдіктердің арқасында тонды 700 мың теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар.

“Эталон меха” көрмесі қаламызда наурыздың 9-ына дейін жалғаспақ. Сәнді әрі сапалы тон аламын десеңіз “City Mall” сауда орталығының 3-қабатындағы ішіктер жәрмеңкесіне асығыңыздар. Көрме күнде таңғы сағат 10-нан кешкі онға дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

 

 

 

 

Ешкенова Дана