Ауа райы

Наурыз айына арналған ауа райы болжамы

Биыл өңірімізде асыға күткен наурыз айында орташа айлық температура нормадан 1 градусқа жоғары болайын деп тұр. Яғни, орташа көрсеткіш минус 6-8 градус шамасында болмақ.

Синоптиктердің сөзінше көктемнің бірінші айы құбылмалылық танытады. Әрі қар жауып, тұман түсуі ықтимал. Кей жерлерде көктайғақ болады. Солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыс бағытынан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан көп болмақ, сондықтан биыл қызыл су да ерте келеді деп күтілуде.
Жылы күндер наурыздың соңғы онкүндігінде басталатын көрінеді. Осы уақытта сынап бағанасы +10 градусқа дейін көтерілмек.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:

– Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 5-10 градус аяздан 10-15 градус аязға дейін, күндіз минус -2-3 жылыдан минус 2-7, кей жерлерде 10 градус аязға дейін ауытқиды. Үшінші онкүндікте сынап бағанасы түнде минус 10-15-тен, 0-5 градус аязға дейін, күндіз минус 2-7 ден, 0-5, кей жерлерде 10 градус жылыға дейін баруы мүмкін.