Құқық қорғау органдары

Қаржы пирамидасына алданғандар

«Котел» ойыны туралы жақындарыңыздан немесе әлеуметтік желіден көп естіген боларсыз. Екінші атауы – «Черная касса». Бұл ойын өткен айдан бері ел ішінде жаппай таралған еді. Қаржы пирамидасының қақпанына мыңдаған қазақстандық ілікті.

Ағайын маңдай терімен жиған ақшаларынан айырылды. Оңай жолмен көп олжа табамын деп несие алып, қарызға батты. Алданғандардың қатарында 2 солтүстікқазақстандық нәзікжанды бар. Олар ойынға тіркеліп, 14 мың 300 теңге көлемінде бастапқы жарна төлеген. Кейін, ақшаларынан айырылған соң тәртіп сақшыларына жүгінген екен. Қазір бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жұлдыз Мұхамадиева – Петропавл қалалық ПБ аға тергеушісі:

 – Ватсаптағы топқа кіріп онда алғашқы жарна үшін 14 300 теңге төлеген. Кейін сол топтың админі керекті ақшаны жинаған соң шығып кетеді.

 

 

 

Бердимурат Баймухан