МәдениетҚоғам

“Небесный тихоход” қойылымының тұсаукесері өтті

Қалалық мәдениет үйінде “Небесный тихоход” атты қойылымның тұсаукесері өтті.

Спектакль соғыс кезін қамтыса да бірінші кезекте махаббат жайлы баян етеді. Комедиялық жанрдағы туындының оқиға желісі мен әртістердің шеберлігі зал толы көрерменнің, әсіресе, жастардың жүрегіне жол тапты. Соғыстың ауыртпашылықтарын жеңуге көмектесетін махаббат сезімінің шынайылығы көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды. Спектакль Алексей Яковлевтің «Небесный тихоход» пьессасының желісі бойынша сахналанды.

Надежда Окунева, қалалық мәдениет үйі жанындағы халық драма театрының режиссері:

– Спектальде соғыс аяқталмайынша ешбір қызға ғашық болмаймыз деп ант берген үш жігіттің оқиғасы баяндалады. Алайда, өмір – сан қилы дүние. Жас жігіттер күтпеген жерден жаңа келген қыздарға ғашық болып қалады.

 

 

 

Бердимурат Баймухан