Қоғам

Алғыс айту күніне орай концерт өтті

Балғындардың Алғыс айту күніне арнаған тартулары.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында мерекеге орай концерт өтті. 30-ға жуық топ мүшелері көрерменді көктемнің алғашқы шуақты күндерімен құттықтап, өнерлерін ортаға салды. Олардың қатарында сахнаға алғаш шыққан балақайлар да бар.

Ирина Колодаева, облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары:

– Концерт жоғары деңгейде тіп жатыр. Кішкентай өнерпаздарды дайындаған педагогтары мен ата-аналарына алғысымызды жеткізгім келеді. Сондай-ақ, бүгін концерттен бөлек, балалардың өз қолдарымен жасаған бұйымдарын да көрмеге шығардық.

 

 

Актолкын Солтанханкызы