Құқық қорғау органдарыҚоғам

Полиция департаментінде мерекелік жиын өтті

Облыстық полиция департаментінде Алғыс айту күніне орай салтанатты жиын өтті.

Қонақжай қазақ халқы өткен ғасырлардағы қиын-қыстау заманда күштеп көшірілген мыңдаған адамға қолдау көрсетті, бауырына басты. Жиында депортацияланған этнос өкілдерінің ұрпақтары сөз алып, кезінде бір үзім нанымен бөліскен қазақ халқына алғыстарын жаудырды. Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев бүгінгі шараға қатысушылардың жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға өзіндік үлестерін қосып жатқандарын атап өтті.

Марат Төлебаев – СҚО ПД бастығы:

– Алғыс айту күні – мейірім пен ізгілік мейрамы. Жалпы, полиция департаментінде 18-ден астам ұлт өкілі қызмет етеді. Барлығы бір міндет – қоғамдық тәртіпті сақтап, құқық қорғау жолында абыройлы еңбек етіп жатыр.

 

 

Ешкенова Дана