Денсаулық сақтау

Меморандумға қол қойылды

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсету орталығы бірқатар ұйымдармен келісім шарт жасасты. Шараға елордадан арнайы мамандар шақыртылған. Енді өңір тұрғындарына жеткізілетін дәрі-дәрмектер және оның сапасы мен бағасы қатаң бақылауға алынады.

Негізі, жиі көтерілетін түйткілдердің бірі – дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі. Сондай-ақ, олар қажетті орындарға уақытылы жеткізілмейді, тіпті, кейбір дәрінің бағасы әр жерде әр түрлі болып келеді. Бұл мәселе өткен жылдың аяғынан бері қозғалып келеді. Себебі, жыл басынан бері облыс аумағында боран соғып, кейбір бағыттарға жолдар жабылған еді. Соған байланысты кейбір елді мекендерге дәрі-дәрмек уақытылы жеткізілмеген көрінеді.

Мариам Сыздықова – “СК-Фармация” ЖШС СҚО бойынша өкілдігінң жетекшісі:

– Біз қаңтардың 5-інен бастап – амбулаторлық, ал осы айдың 15-інен станционарлық емдеуді бастадық. Бұл мақсатта 1 млрд 63 млн теңге көлемінде емдік құралдар жеткізілді. Сондай-ақ, 1385 аталымдағы дәрі-дәрмектің 82 пайызы сатып алынды.

Актолкын Солтанханкызы