Қоғам

Аулалардағы қар тазалау жұмыстары

Петропавлда көпқабатты үйлердің аулалары да тазартылып жатыр.

Өйткені, қалың жауған қар көктемде ерісе, үйдің жертөлесіне су кіріп кетуі мүмкін. Жалпы, қазіргі күні шаһарда мыңнан астам көпқабатты үй бар. Онда тұрып жатқан адамдардың шамамен тең жартысы қар тазалау жөнінде ескертілген. Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мамандары 550-ден аса пәтер иелері кооперативі өкілдеріне хабарландыру беріпті. Сондай-ақ, мамандар жеке меншік нысан иелері мен үй тұрғындары аулаларындағы қарды наурыздың 10-ына дейін тазартулары тиіс дейді. Егер тараптар оны орындамаған жағдайда жауапқа тартылып, 20-дан 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін айыппұл төлейді.

Ерлан Қайырбеков – Петропавл қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:

– Биыл қар көп жауды. Сол себепті, көпқабатты үйдің жертөлелеріне су кіріп кету қаупі бар. Біз 570 пәтер иелерінің кооперативі өкілдеріне қарды тазалау қажеттігі жөнінде хабарлама бердік. Қазіргі күні 15 үйдің ауласы тазартылды. Тұрғындар оны өз күштерімен атқарулары тиіс. Полицейлермен бірге аулаларда рейд жүргізетін боламыз. Ескертуді орындамағандарға айыппұл салынады.

 

Бердимурат Баймухан