Көлік және жолдар

Қала көшелерінде тұзды-құмды қоспа себу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қалың жауған қар мен ауа райының құбылуы коммуналдық мекеме қызметкерлерін біраз әбігерге салды.

Күннің біресе жылынып, біресе күрт сууынан қаланың іші көктайғаққа айналды. Бұл жағдай көбінесе тротуарлар мен аялдамаларда қолайсыздық туғызып, тұрғындардың жүріп-тұруларына кедергі келтірді. Осыған орай, коммуналдық мекеме қызметкерлері күнделікті көшеге шығып, жолға құм себуде. Бұл бағытта 2,5 мың тонна инертті материал әзірленеген екен. Қалалық әкімдік өкілдері мұндай көлемдегі қоспа белгіленген уақытқа толығымен жетеді дейді.

Дулат Шәріпов – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Көшелерге тұзды-құмды қоспа себуге 2 мердігер серіктестік жауапты. Яғни, «Коммунхоз Петропаловск» пен «Авион Север» кәсіпорындары. Қазір қалада инертті материал шашатын 3 бірлік техника жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ, біз қосымша жаяу жүргіншілер жолына, аялдамаларға және көше қиылыстарына реагент себуге келісім шарт жасастық.

 

 

 

Бердимурат Баймухан