Қоғам

Темір тордың ар жағында Масленица мерекесі аталып өтілді

Темір тордың ар жағындағы іс-шара! Қаладағы ЕС-164/6 мекемесінде “Масленица” мерекесі аталып өтілді.

Мұндағы әйелдер дәстүрлі мейрамға тыңғылықты дайындалыпты. Олар тоқаш, бәліш пісіріп, мерекенің басты сәні – құймақ құйған екен. Бұл тағамдарды сотталғандар далада үстелге жайды.
Негізі, “Масленица” – славян халықтарының ежелден келе жатқан мейрамы. Ол қыстың аяқталып, шуақты көктемнің келгенін білдіреді. Мекеме басшылығы мұндай іс-шаралар жазасын өтеушілерді тәрбиелеп, болашақта түзу жолға түсуге септеседі дейді.

Қанат Сүлейменов – ЕС-164/6 мекемесі бастығының орынбасары: 

– Біздің мекемеде тәрбиелік мақсаттағы іс-шаралар жиі өткізіледі. Бүгін Масленица мерекесін ұйымдастырдық. Мұндай іс-шаралар сотталғандарға тарихты үйретеді.