МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Облыс орталығында қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында бөбекжай мен балабақшалардың жайы талқыланды.

Петропавлда мектепке дейінгі білім беретін 56 мекеме бар. Олардың барлығын қоса алғанда 8,5 мыңнан аса бала тәрбиеленуде. Бірақ, кезекте тұрғандардың да саны аз емес – 7 мыңға дейін жетеді екен. Бұл мәселе алдағы уақытта шешіле ме деген сұраққа қалалық білім бөлімінің басшысы Сара Рамазанова жауап берді.

Сара Рамазанова – Петропавл қалалық білім бөлімінің басшысы:

Бүгінде қала бойынша 6800 бала кезекте тұр. Кез келген ата-ана электронды кезек арқылы өз баласының болашақта қай балабақшаға белгіленгенін және нешінші тұрғанын біле алады. Облыс орталығында алдағы уақытта тағы балабақша салынатын болса, кезек мәселесі шешімін табады деп ойлаймын.

Бердимурат Баймухан